Оралдық сарбаз ант қабылдау кезінде сүйіктісіне ұсыныс жасады

Фото: ҚР Ұлттық ұланы "Батыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

ЖАҢАЛЫҚТАР
603

Ақтау қаласында өткен Ұлттық ұлан сарбаздарының әскери ант қабылдау рәсімі ерекше оқиға орын алды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 200-ден астам жас жауынгер ант берсе, солардың ішінде Орал қаласының тумасы Артур Сәрсенғалиев үшін бұл күн аса маңызды болды.

 
Фото: ҚР Ұлттық ұланы "Батыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
Ол салтанатты рәсім барысында сүйіктісі, оралдық Гүлназға көпшілік алдында тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады.

Гүлназ еш ойланбастан:

— Иә, — деп жауап берді.

Фото: ҚР Ұлттық ұланы "Батыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
Бұл айрықша оқиға жиналғандардың жүрегіне жылылық ұялатты. 

— Мен үшін бұл күннің мәні ерекше. Әскери ант қабылдау — әр сарбаздың өміріндегі жауапты сәт. Ал осы күні сүйіктіме ұсыныс жасап, оның келісімін алу — мен үшін үлкен бақыт. Гүлназ менің өмірімдегі ең қымбат адам, енді мен тек Отанға ғана емес, оған да адал болуға уәде беремін, — деді Артур толқып тұрып. 

Осылайша, қатардағы жауынгер Артур Сәрсенғалиев маңызды шешім қабылдап, сүйіктісімен бірге жаңа өмірге қадам басты. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мұса Әбдірайым Алматы әуежайында кепілге алған қылмыскерден өзі құтқарған келіншектің жағдайын біліп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда мұнай ұңғымасындағы өртті сөндіру кезінде бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Madeniporta...