Астанадағы LRT пойызының нобайы мен дизайны қандай болатыны белгілі болды, деп хабарлайды maden...
Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясындағы жобалар жүзеге асырылуда
Алматы қаласы әкімдігі
Алматының Наурызбай ауданында биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жайлы әрі заманауи қалалық орта қалыптастыруға бағытталған 35 жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Олар қоғамдық кеңістік пен балалар ойын алаңын салуды, сыртқы жарықтандыру мен тротуар орнатуды, жүргінші аймақтарын көріктендіруді, тік көгалдандыруды, жерүсті жүргінші өткелдерін көгалдандыруды және автоматты суару жүйесін орнатуды қамтиды.

Аяқталған жобаның бірі – Айтматов көшесіндегі балалар ойын алаңы. Жұмыс барысында ескі ойын құрылымдары мен қоршау алынып, жаңа негіз дайындалды, асфальтбетон жабыны төселді, заманауи шағын сәулет нысандары мен қауіпсіз тартан жабыны орнатылды. Нәтижесінде тұрғындар балалардың белсенді демалысына арналған заманауи әрі қауіпсіз кеңістікке ие болды.
Көріктендіру жұмыстарының тағы бір бағыты – Абай және Алатау даңғылы бойындағы тік көгалдандыру. Мұнда автоматты суару жүйесімен жабдықталған тік көгалдандырудың 768 құрылымы орнатылып, шырайгүл мен пеларгония секілді сәндік гүлдер егілді.

Сонымен қатар Абай даңғылы бойындағы жерүсті жүргіншілер өткелін көгалдандыру жұмысы жалғасуда. Жоба аясында гүл құмыраларын, сәндік модульдік конструкцияларды және шамамен 17,5 мың гүл егілген тік көгалдандыру жүйесін орнату көзделген. Бүгінде Абай даңғылы бойында, Абай даңғылы мен Әшімов көшесінің жолайрығында және Дәулеткерей көшесінде гүл құмыралары мен сәндік конструкцияларды орнату жұмысы аяқталды. Сондай-ақ жерүсті жүргінші өткеліндегі тік көгалдандырудың модульдік жүйесі толық орнатылды.
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясындағы жобаларды іске асыру қалалық ортаны кешенді дамытуға, көріктендіру деңгейін арттыруға және Наурызбай ауданы тұрғындары үшін жайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыруға ықпал етеді.


