Алматы облысында радардан жоғалған әскери тікұшақ іздестіріліп жатыр

Фото: atamekenbusiness.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1470

Алматы облысында радардан жоғалған әскери тікұшақ іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Оқиға 25 шілде күні болған. Жоспарлы ұшу барысында ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кетті.

Қорғаныс министрлігінің әуе кемесі Луговой елді мекенінен ұшып шығып, Отар аумағында байланысқа шықпай қалған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, тікұшақ бортында 3 экипаж мүшесі болған. Оқиға орнына Қорғаныс және Төтенше жағдай министрліктерінің күштері мен құралдары, соның ішінде Қазавиақұтқарудың 2 тікұшағы жұмылдырылды.

Бұдан бөлек ТЖМ-нің 100-ден астам құтқарушысы мен 15-ке жуық бірлік техникасы, оның ішінде авиация мен ұшқышсыз ұшу аппараттары іздеу жұмыстарына тартылды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...