«Назарбаевқа қатты айтты»: Әдебиет сыншысы Өзбекәлі Жәнібеков туралы тың дерек айтты

Коллаж: MADENIPORTAL.KZ

ЖАҢАЛЫҚТАР
2055

Құлбек Ергөбек Өзбекәлі Жәнібеков туралы тың деректерді айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Әдебиет сыншысы, ғалым, «Жазушылар одағының» хатшысы Құлбек Ергөбек «Qasqa Jol» YouTube арнасында қонақта болды. Құлбек Ергөбек Өзбекәлі Жәнібековтың қоластында жұмыс істеген. Өмірінің соңында оның жанында болған.

Өзбекәлі Жәнібеков ауылды көркейту үшін ауылшаруашылығын дамыту керегін айтқан.

«Зейнетке кетейін деп жатқан кезі болса керек. Нұрекеңнің алдына кіріп қатты айтқан. Өзекең күйіп кеткен болуы керек. Халықтың мүддесі аяқасты болады деп ойлады. Қатты айтқаны соншалық, кабинетте отырған хатшы есіктен тұра қашқан. Әңгіменің қандай тонда болғанын осыдан байқауға болады», - дейді Құлбек Ергөбек.

Бағдарлама қонағы Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекәлі Жәнібеков екеуінің көзқарасы екі түрлі болғанын айтты.

«1991 жылы Өзбекәлі Жәнібек Орталық комитеттің хатшысы болды. Нағыз бабында тұрған шағы еді. Сол жылы Назарбаев Қазақстан Коммунистік партиясын таратты. Ол тарағаннан кейін Өзбекәлі Жәнібек 60 жасында зейнеткерлікке кетті. Заң бойынша барлығы дұрыс. Бірақ Өзбекәлі Жәнібек 60 жасында тепсе темір үзетін, идеолог ретінде әбден кемеліне келген еді. Кеңестік кезеңде де ұлтжандылықтан таймаған адам. Назарбаев өзінің ұстазына Тәуелсіз Қазақстанның жаңа міндеттерін атқаруға мүмкіндік беруі керек еді. Бұл менің ішімдегі бір өкінішім. Аға қылмаса да, қанаттас қайраткер қылып ұстасын», - деді Құлбек Ергөбек.

 

СПОРТ

Бүгін, 6 маусымда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Армениямен жолдастық матч өткізеді, деп хабарл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңбек министрлігі зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу шектерінің неге көтерілгенін түсіндіріп,...