Тұңғыш рет құрылған Жастар кеңесінде жаңа тағайындаулар болды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және...
Наурыз мерекесіне байланысты ұмытылған салт-дәстүрлер
Сурет ашық дереккөзден алынды
Наурыз мерекесіне орай ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлер мен ұлттық тағамдар туралы марқұм Болат Бопайдың соңғы жазбасы жарияланды, деп хабарлады Мadeniportal.kz.
Azattyq Rýhy редакциясы этнографтың отбасы мен қазақ еліне қайғыра көңіл айта отырып, Болат Бопайдың бізге берген соңғы жазбасын ұсынады.
Наурыз мейрамының пайда болуы туралы аңыз
Наурыз мейрамының шығу тегі ежелгі мифологиямен тығыз байланысты. Бір аңыз бойынша, осы күні Қыдыр ата жерді аралап, әр үйге құт-береке дарытады. Тағы бір аңызда, бұл күн – көктем мен жақсылықтың құдайы тіріліп, жаңа өмір басталатын сәт деп саналған. Наурыздың тарихы Заратуштра заманынан басталады деген дерек те бар.
Ұмыт болған салт-дәстүрлер мен ұлттық ойындар
Бел көтеру – Наурызда ауыл жігіттері белдесіп, өзара күш сынасқан.
Бастаңғы – жастар қариялардың батасын алып, өздері ерекше басқосу өткізген.
Құт шақыру – үй иелері таңертең есік алдын сыпырып, молшылық тілеу үшін арнайы дұға жасаған.
Тасаттық – жұт болмауын тілеп, табиғатқа құрбандық шалу.
Селт еткізер – жігіттер аруларға айна, тарақ, иіссу сыйлап, көңіл білдірген.
Қыдыр ата – аңыз ба, ақиқат па?
Қыдыр ата – халық сеніміндегі киелі тұлға. Ол түнде жүріп, елге құт-береке, ырыс әкеледі деп саналған. Бұл нанымның негізі исламдағы “Қызыр пайғамбар” туралы аңыздарға да ұқсайды. Тарихи тұрғыдан Қыдыр атаның нақты өмір сүргенін дәлелдейтін деректер жоқ, бірақ ол халық жадында көктем мен жаңару символы ретінде сақталған.
Наурыз неге «Ұлыстың ұлы күні» аталды
«Ұлыс» – халық, ел деген мағынада қолданылады. «Ұлыстың ұлы күні» – елдің ең қасиетті, ең үлкен мейрамы деген сөз. Бұл тіркес – халықтың жаңа жылды зор қуанышпен қарсы алғанын білдіреді.
Наурыз көже және басқа тағамдар
Наурыз көже жеті дәмнен жасалады, себебі жеті саны – қасиетті сан. Әрбір қосылатын тағам молшылық, ырыс, бірлікті білдіреді. Сонымен қатар, Наурызда:
Сірне – жас малдың етінен жасалған сорпа.
Бұқпа нан – ашытылған қамырдан пісірілген нан.
Қарын бүрме – ішек-қарынға салынған майлы ет тағамдары әзірленген.
Наурызға қатысты басқа жөн-жоралғылар
«Наурыз есебі» – осы күнгі табиғат белгелері арқылы жылды болжау.
«Жеті шелпек тарату» – ата-бабалар рухына арнап жеті шелпек пісіріп, елге тарату.
«Самалық айту» – көшпелі қазақтар наурызға жеткені үшін көктемді мадақтап жыр айтқан.
«Амал» мерекесі – ескі жылдың бітіп, жаңа күннің басталғанын білдіретін күн.