Нұрай Серікбайды өлтірген Шерхан Аймахан апелляциялық шағым түсірді

Коллаж: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
194

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Шерхан Аймаханның қорғаушылары сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл ақпаратты марқұмның ағасы Сұлтан Серікбай мен жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров растады. Олардың айтуынша, апелляциялық шағымның берілгені туралы хабарлама «Сот кабинеті» арқылы келген. Қазір жәбірленуші тарап құжатпен танысып, өз қарсылығын дайындап жатыр.

«Апелляциялық сатының өкілеттіктері жеткілікті. Ол бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін толық жойып, жаңа шешім шығара алады. Соның ішінде айыптаудың жекелеген баптарын алып тастауға, жаңаларын қосуға немесе жазаны жеңілдетуге құқылы», – деді Сұлтан Серікбай.

Еске салайық, 13 тамызда Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Шерхан Аймаханды аса қатыгездікпен адам өлтіру, некеге тұруға мәжбүрлеу және сталкинг бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырған. Сонымен қатар сот оны Нұрайдың отбасына 25 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттеген.

Сонымен қатар Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот отырысында куәлік берген Қаратау аудандық полиция басқармасының бұрынғы тергеушісі Әбілғазы Артықбайға қатысты жеке қылмыстық іс қозғалған. Қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысының Талғар ауданында 7 жастағы қызға күндіз көшеде шабуыл жасап, оны зорламақ болды дег...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында жоғалып кеткен 20 жастағы жігіттің мәйіті құдықтан табылды,...