Жамбыл облысында жүкті келіншекті күйеуі зиратқа апарып, азаптаған

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
191

Жамбыл облысында 18 жастағы жүкті қыз күйеуінің қатыгездік көрсеткенін мәлімдеді. Оның айтуынша, ер адам оны зиратқа алып барып, соққыға жығып, тұншықтырмақ болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz dalanews.kz-ке сілтеме жасап. 

Жәбірленушінің сөзінше, оқиға кезінде оның қағанағы жарылып, толғағы басталған. Соған қарамастан күйеуі оны бір сағаттан астам уақыт бойы жібермей ұстаған.

Қыз жасырын түрде құрбысына хабар беруге мүмкіндік тауып, болған жағдай туралы жеткізген. Кейін ақпарат құқық қорғаушыларға жеткен. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктінің жеке басын анықтап, оны бөлімшеге жеткізген. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада 2026–2030 оқу жылдарына арналған қала әкімдігінің мемлекеттік білім гранттары иегерле...

PESTEL

АҚШ-тың Аляска штатында Cessna 441 чартерлік ұшағы апатқа ұшырап, борттағы сегіз адамның барлығы қаз...