Елорда төрінде «Есіңе мені алғайсың» атты музыкалық-поэзиялық кеш өтеді

ЖАҢАЛЫҚТАР
4512

Елордада 2022 жылдың 21 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналған «Есіңе мені алғайсың» атты музыкалық-поэзиялық кеш өтеді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

Филармонияының классикалық және эстрадалық вокал бөлімі ұйымдастыруымен өтетін кеште  ақынның мәңгілік асыл мұраға айналған әсем әндері жанды дауыста орындалып, жалынды жырлары жатқа оқылады. Көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері- Арайлым Рахымқызы. 

Кеш мақсаты - келешек ұрпақ бойына Мұқағали өлеңдеріндегі адамгершілік, ізгілік қасиеттерді сіңіру арқылы ұлттық тәрбие беру, «поэзия Хантәңірінің» рухани мұраларын тағы бір мәрте жаңғырту.

Музыка мен поэзия ұштасқан керемет кеш болады.

madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...