Өмір бойына айырылды: Мас күйінде көлік жүргізген тұрғын жүргізуші куәлігінен айырылды

Фото: Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
1813

Жетісу облысының прокуратурасы көрсетілім сот процестерінің алдын алу мақсатындағы маңыздылығына ерекше назар аударады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.  

Осы бағытта Алакөл аудандық прокуратурасы жол қозғалысы ережесін өрескел бұзуға қатысты қылмыстық іс бойынша ашық сот процесін ұйымдастырды.

Іс материалдарына сәйкес, бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан 10 жылға айырылған жергілікті тұрғын мас күйінде қайтадан көлік тізгіндеген.

Сот үкімі аудан тұрғындарының қатысуымен жария етіліп, кінәлі азамат 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтан Серікбай әлеуметтік желідегі парақ...

СПОРТ

Қазақстан футболының аңызы Самат Смақовтың ұлы Аламгир Смақов түркиялық атақты «Бешикташ&raquo...