Техаста су тасқынынан қаза тапқандар саны 119-ға жетті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Керр округі...
«Қазақ аруы»-2026 байқауының жеңімпазы қаралы хабарын айтты
Ашық дереккөз
136
«Қазақ аруы – 2026» байқауының жеңімпазы Асылым Өтепберген өзін өсіріп, тәрбиелеген апасынан айырылғанын айтты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Арудың сөзінше, апасы байқаудың финалына бір күн қалғанда өмірден өткен. Алайда жақындары қайғылы хабарды оған байқаудан кейін ғана жеткізген.
«Бір жарым ай бойы дайындықпен жүріп, жақындарыма көңіл бөле алмадым. Апатайым мені сағынып, көргісі келіп жүріпті. Ал мен “қап” деп қалдым. Апамның достарына жазған соңғы хаты “Немереме ертең лайк басыңдар” деген өтініші еді. Бұл жеңісімді апама арнадым», – деп жазды Асылым.
Жас ару апасының қазасына байланысты ауыр қайғысын жеткізіп, жеңісін оның рухына арнағанын айтты.