Жезқазғанда жол ережесін өрескел бұзған сегіз жас жүргізуші жазаланды (ВИДЕО)

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
94

Жезқазғанда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған сегіз жас жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Ұлытау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, заң бұзушылықтар қала көшелеріндегі бейнебақылау камералары арқылы жүргізілген мониторинг кезінде анықталған.

Жедел басқару орталығының кезекші инспекторлары жол қозғалысы ережелерін сақтамаудың бірнеше дерегін тіркеген.

Тексеру нәтижесінде тәртіп бұзған сегіз жас жүргізушінің жеке басы анықталды. Олардың әрқайсысына қатысты әкімшілік материалдар рәсімделіп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Полиция департаменті бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында жүргізіліп жатқанын атап өтті. Аталған тұжырымдама қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқықтық тетіктерді нығайтуға, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға және заңды сақтау қоғамның басты құндылықтарының біріне айналуына бағытталған.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда блогер Әділетхан Молдаханға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады MadeniPortal.kz. С...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астананың Есіл ауданында салынып жатқан ғимараттан шыққан өрт сөндіріліп жатыр, деп хабарлады M...