Алматыда 25 млн теңгенің есірткісі мен оқ-дәрісі бар екі ер адам ұсталды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
112

Алматыда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері синтетикалық есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқыққа қайшы әрекеттің жолын кесті, деп хабарлады MadeniPortal.kz

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 10 сәуірде оңтүстік астана полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Екі күдікті ұсталды. Олар мінген көлікті тексеру кезінде жүксалғыштан өзіне тән иісі бар ақ түсті ұнтақ зат салынған орамдар табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, тәркіленген зат – синтетикалық есірткі. Жалпы салмағы шамамен 1 келіні құрады. Тәркіленген партия қара нарықтағы құны шамамен 25 млн теңгеге бағаланатын мыңға жуық бір реттік дозаға тең», – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, көліктің ішінен қолдан өзгертілген белгілері бар кесілген мылтық және оқ-дәрілер табылып, тәркіленді.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді Алматы ПД баспасөз қызметі.

Алматы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Батуржан Абдумасаров күдіктілердің қолынан қару табылуы мұндай қылмыстардың қоғамдық қауіптілігін едәуір күшейтетінін атап өтті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда донорларға берілетін ақшалай өтемақыны көбейту туралы ұсыныс қолдау таппады. Қаржы минис...