Орал маңында кран құлап, кран жүргізушісі қаза тапты

Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
30

Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданындағы Мичурин ауылында көпқабатты тұрғын үй салынып жатқан құрылыс алаңында кран құлады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Салдарынан кран жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Қайғылы оқиға 7 қараша күні болған.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті қайғылы жағдайды растады.

– Көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс алаңында кран құлаған. Оқиға салдарынан кран жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

ӘДЕБИЕТ

  “Жазушы көп оқығаннан ғана жазушы болмайды, ол анасынан басқа санамен туады” Ә....

СПОРТ

Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина денсаулығына байланысты АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп...