Атыраудағы қанды қылмыс: күдіктіге тағы бір ауыр айып тағылды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1061

Атырау облысында бір отбасының қатыгездікпен өлтірілуіне қатысты күдіктіге тағы бір айып тағылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Жангелдин ауылында болған қанды оқиға бойынша ұсталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты қылмыстық іс енді екі бап бойынша тергеліп жатыр:

– Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі — «Екі немесе одан да көп адамды өлтіру»;
– Қылмыстық кодекстің 188-бабы 2-бөлігі — «Алдын ала сөз байласу арқылы топ болып жасалған ұрлық».

Ведомствоның хабарлауынша, күдікті қамауға алынып, сот санкциясымен уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Сонымен қатар ІІМ күдіктінің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның әрекеттеріне құқықтық баға беру мәселесіне қатысты әзірге нақты пікір білдірмеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағандыдағы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің үш студентінен туб...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық мерген Ислам Сәтпаев Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия...