Жамбыл облысы Меркі ауданында қаза тапқан 19 жастағы Мадинаның анасы қызының отбасылық өмірінде көрг...
Жерлеуге дайындалып жатқанда табыттың ішінен дыбыс шыққан
Фото: freepik
Дәрігерлер қайтыс болды деп таныған 76 жастағы әйел қоштасу рәсімі кезінде табыттың ішінен тарсылдатып, тірі екенін білдірген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Туыстары егде жастағы әйелді ақтық сапарға шығарып салуға жиналған. Алайда табытқа жатқызылғанына шамамен бес сағат өткенде, ол қимылдап, ішінен тарсылдата бастаған.
Қайтыс болды деп есептелген әйелді қайтадан ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер оны жансақтау бөліміне жатқызып, тұрақты бақылауға алған.
Өкінішке қарай, әйел жеті күннен кейін көз жұмған. Денсаулық сақтау органдары оның өліміне ишемиялық инсульт себеп болғанын хабарлаған.
Марқұмның жақындары алғашқы жолы неліктен қате қорытынды жасалғанын анықтауды талап еткен. Туыстарының бірі әйелді қайтыс болды деп таныған дәрігердің әрекетіне шағым түсірген.