Зеленский Путинмен кездесуге жалғыз ғана шарт қойды

Фото: Heiko Becker / Reuters

ЖАҢАЛЫҚТАР
1718

Украина президенті Владимир Зеленский британдық Sky News телеарнасына берген сұхбатында АҚШ президенті Дональд Трамппен және Ресей президенті Владимир Путинмен үшжақты немесе екіжақты форматта «алдын ала шарттарсыз» кездесуге дайын екенін және оған бір шартпен ғана баратынын айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

«Мен Трамп президентпен де, Путинмен де үшжақты немесе екіжақты форматта кездесуге дайынмын… Кез келген шартсыз кездесуге әзірмін», – деді Зеленский.

Сонымен бірге ол Мәскеуге келіссөз жүргізуге бармайтынын, бірақ Ресейден басқа кез келген елде кездесуге дайын екенін атап өтті.

Бұған дейін Путин Зеленскийге «егер кездесуге дайын болса, Мәскеуге келсін» деген ұсыныс жасаған еді. Алайда Зеленский бұл ұсыныстан бас тартып, Путинді келіссөздерге Киевке шақырды.

Сейсенбі, 16 қыркүйекте АҚШ президенті Дональд Трамп Зеленскийге Украинаның соғысты тоқтатуы үшін Мәскеумен «келісімге келуіне тура келетінін» мәлімдеді. Бірақ ол қандай келісім туралы екенін нақтыламады.

Сондай-ақ америкалық көшбасшы Зеленский мен Путиннің ықтимал келіссөздеріне өзі де қатысуы мүмкін екенін жоққа шығармады. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...