Көкшетауда үйінде жалғыз қамалып қалған 4 жасар бүлдіршін құтқарылды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2031

Көкшетауда үйде жалғыз қамалып қалған баланың анасы құтқарушыларға хабарласқан, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Көкшетауда 4 жасар бала пәтер ішінде жалғыз өзі қамалып қалған. Бұл туралы құтқарушыларға бүлдіршіннің анасы хабарласып, көмек сұраған. 

Ақмола облыстық ТЖД мәліметінше, жедел-құтқару жасағының қызметкерлері оқиға орнына дереу шықты. Олар шанц құралдарының көмегімен 10-қабаттағы пәтердің есігін ашуға кіріскен.

Пәтерге кірген құтқарушылар 2021 жылы туған баланы анасына тапсырды. Құтқарылған балаға медициналық көмек қажет болмаған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...