Димаш Құдайбергеннің әкесі IT саласында компания ашты

Фото: Iinstagram.com/kanat_sveta_aitbayevtar

ЖАҢАЛЫҚТАР
175

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі әрі продюсері Қанат Айтбаев “Астана” халықаралық қаржы орталығында жаңа компания тіркеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

DQ Global Ltd деп аталатын компания 28 қыркүйекте тіркелген. Оның негізгі қызмет бағыты ретінде бағдарламалық жасақтама әзірлеу көрсетілген. Компания алдағы уақытта мобильді қосымшалар жасауға да басымдық беруі мүмкін. 

Қанат Айтбаев компанияның бас атқарушы директоры болып белгіленген. Одан бөлек, заңды тұлғаның тағы алты құрылтайшысы бар. 

Компания директорларының және құрылтайшыларының бірі ретінде Ноян Төлегенов көрсетілген. Дереккөз мәліметінше, бұл есім Шымкент қалалық мәслихатының “Ақ жол” партиясынан сайланған депутатына сәйкес келеді. Алайда дәл сол адам екені нақты расталмаған.

DQ Global Ltd компаниясының ресми электрон поштасы АХҚО-да тіркелген тағы кемінде екі заңды тұлғада да қолданылады. Олардың қатарында Kazakhstan Cultural and Creative Industries Foundation және оның еншілес ұйымы KCCIF Management Ltd бар. Қанат Айтбаев аталған қордың да құрылтайшыларының бірі.

Айта кетейік, Қанат Айтбаев бұған дейін Ақтөбе облысының мәдениет басқармасын басқарған. Қазір ол негізінен ұлы Димаш Құдайбергеннің продюсері ретінде танымал. Сонымен қатар оның қатысуымен тіркелген бірнеше компания концерт ұйымдастырудан бастап, тауар жеткізуге дейінгі түрлі бағытта қызмет көрсетеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында туристер арасында танымал табиғи орындардың бірінде аспалы шыны көпірдің құрылысы...

СПОРТ

Қазақстандық дзюдошы Ажар Асхат Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан 2...