Алматыда ер адам төрт метрлік құдыққа құлап кетті (ВИДЕО)

ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
335

Алматы облысының Іле ауданында 62 жастағы ер адам тереңдігі төрт метр болатын ашық құдыққа құлап кетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 1964 жылы туған ер адамды құдықтан алып шыққан.

Құтқару жұмыстары кезінде мамандар арнайы шабуыл сатысын пайдаланып, зардап шегушіні жер бетіне көтерген.

Оқиға салдарынан ер адам денесінің бірнеше жерінен соққы алған. Құтқарушылар келген кезде оның есі дұрыс болған.

Зардап шегуші құтқарылғаннан кейін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман неліктен Салатанатқа оның мінезінің ауыр екенін ес...

Шоу-бизнес

Әлеуметтік желіде әнші Қайрат Нұртастың тойда түсірілген видеосы тарады. Кадрда бір бойжеткен дастар...