Ақтөбеде полиция қызметкерлері енді қылмыскерлерді тормен «аулайды»

Фото: видеодан скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
2912

Ақтөбе полициясы енді қылмыскерлер мен жануарларды тормен аулап, қолға түсіреді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

ПД Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының қызметкерлері патрульдік полиция қызметкерлерімен құқық бұзушыларды ұстау кезінде торды қолдану бойынша оқыту жүргізді.

«Қойылатын міндеттердің сипаты мен шарттарына қарамастан, құқық қорғау органдарының қызметі адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңдылық пен гуманизмді қатаң құрметтеу және сақтау қағидаттары негізінде құрылады. Тікелей байланыссыз қашықтықта әрекет ету мүмкіндігі - қауіпсіздікке үлкен кепілдік береді», - дейді Ақтөбе облысы ПД Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасы бастығының орынбасары Алмат Иманғалиев.
 

Патрульдік полицейлердің айтуынша, арнайы тор агрессивті үй жануарларын ауыртпалықсыз қолға түсіруге және қылмыскерлерді ұстап, ішкі істер органдарына жеткізуге мүмкіндік береді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...