Пышақ жарақатынан көз жұмған 12 жастағы бала жер қойнына тапсырылды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
638

Алматы қаласында 12 жастағы жасөспірім алған пышақ жарақаттары салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қайғылы оқиға 10 маусым күні шаһардың Түрксіб ауданында орын алған. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, аса ауыр қылмысты жасады деген күдікпен марқұмның бұрыннан танитын досы – 13 жастағы Алматы тұрғыны ұсталды. Алдын ала болжам бойынша, жантүршігерлік жарақаттар кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында туындаған кенеттен шыққан жанжал барысында салынған. Қазіргі уақытта күдікті бала арнайы мамандандырылған жабық мекемеге орналастырылды.

Адам өлтіру фактісі бойынша бірден қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға және объективті тергеу жүргізуге бағытталған кешенді іздестіру-тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ полиция бұл істің нәтижесі бойынша күдіктінің ата-анасын бала тәрбиесіне немқұрайлы қарағаны үшін заңды жауапкершілікке тарту мәселесі қаралатынын мәлімдеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

8 тамыз кешінде Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында Орал — Қаратөбе бағытында қатынайт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділет Зейнелдің анасы әлеуметтік желіде тараған «20 миллион теңге өтемақы ретінде берілді&raq...