Вице-премьер Қанат Бозымбаев, BI Group холдингінің акционері және директорлар кеңесінің төрағасы Айд...
Осы жылы Алматыда бейнебақылау көмегімен 1700-ден астам қылмыс ашылған
Фото: halyk.uni
Алматыда бейнежүйелердің көмегімен қалада 1700-ден астам қылмыстың беті ашылып, 2,6 миллионнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді, деп хабарлайды madeniportal.kz Halyq Uniтілшісіне сілтеме жасап.
Polisia.kz мәліметінше, Алматының тәртіп сақшылары осы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша қаладағы бейнебақылау жүйесін қолданудың тиімділігін қорытындылай келе, осындай деректерді келтіріп отыр.
Бүгінгі таңда Алматыда қалалық бейнебақылау жүйесін нақты уақыт режимінде басқаруға, болып жатқан оқиғаларға жедел жауап беруге, сондай-ақ адамды тану функцияларын пайдалануға мүмкіндік беретін бірыңғай бейнебақылау платформасы жұмыс істейді. Жалпы алғанда, жүйе жол қозғалысын басқарады және қауіпсіздік бейнеаналитикасы функцияларын орындайды. Көрсетілген бейнебақылау платформасына 45976 бейнебақылау камерасы орнатылды, – делінген ақпаратта.
Полиция департаментінің дерегінше, бейнебақылау жүйесі тұтастай алғанда қылмыскерлердің ұсталу қаупі туралы түсінігін арттыру арқылы қылмыс деңгейін төмендетеді. Бейнебақылау камераларынан алынған ақпарат қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және тергеу үшін пайдаланылады.
«Жүйенің енгізілуімен қаладағы қылмыстық ахуал жақсарды. Бейнебақылау платформасы қаланы қауіпсіз әрі азаматтардың тұруына қолайлы етеді», – деді Алматы сақшылары.