«Өздеріңізден де кінә бар»: Рүстем Жүгінісов мешіттегі бойжеткенге қатысты ойыр айтты

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2118

Әлеуметтік желіде Ақтөбе қаласындағы мешіттердің бірінде болған жағдайға қатысты Эммануэлла Наурызбаева есімді бойжеткеннің жариялаған видеосынан кейін ер азамат жазаланған болатын. Осы оқиғаға қатысты Рүстем Жүгінісов видео жариялады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бойжеткеннің айтуынша, мешіт ауласында жүрген белгісіз сақалды ер адам оған «бір реттік неке» ұсынып, жыныстық қатынасқа түсуге шақырған. Бұл оқиға әлеуметтік желі қолданушылары арасында үлкен талқылауға түскен болатын. 

Бұл оқиғаға байланысты бұрынғы эстрада әншісі Рүстем Жүгінісов жауап ретінде видеоүндеу жасап, бойжеткеннің өзін сынға алды. 

"Әйелдің мешіті – оның үйі. Ер азаматтар үшін мешітте намаз оқу дұрыс болса, әйелдер үшін үйде оқығаны абзал. Өздеріңізден де кінә бар. Біреулер өзіне бай іздеп жүр деп ойлауы мүмкін. Сондықтан намызыңызды үйде оқыңыздар", – деді Рүстем Жүгінісов. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...