Күрес жаттықтырушысы әйелін ұл тумағаны үшін ұрып өлтірген

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
200

31 жастағы әйелдің денесі үйінің артындағы бақшадағы шағын үйшіктен табылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz arasha.kz-ке сілтеме жасап. 

Марқұмның 35 жастағы күйеуі күрес жаттықтырушысы болған. Оны шәкірттерінің ата-аналары жақсы танып, сыйлаған. Ерлі-зайыпты мектеп кезінен бірге болып, ерте шаңырақ көтерген. Он жыл ішінде олардың үш қызы дүниеге келген.

Күйеуі айына шамамен 70 мың рубль табыс тапқан, ал әйел үй шаруасымен айналысқан. Сырт көзге олардың отбасы тыныш әрі берекелі көрінген. Үйі жинақы, балалардың киімдері ұқыпты ілулі тұрған.

Алайда көршілері соңғы уақытта бұл үйден жиі айқай естілгенін айтқан. Әйелдің денесінен көгерген іздер де байқалған. Күйеуі ұл баланың дүниеге келмегеніне ашуланып, әйелін кінәлаған. Сонымен қатар ішімдік ішіп, оған күш көрсеткен.

Қайғылы оқиға болған түні ер адам әйелін бірнеше сағат бойы ұрған. Сот-медициналық сараптама оның денесінен ондаған соққының ізін анықтаған.

Таңертең ер адам балаларын мектепке апарып, кейін жаттығуға кеткен. Ол болған жағдайды ешкімге білдірмеген. Ал үйдің артындағы шағын үйшіктің үстіндегі сары шам күндіз де жанып тұрған. Кейін әйелдің денесі сол жерден табылды.

Тергеу барысында күдіктінің әрекеті кенеттен болған ашу-ыза салдарынан жасалған деген болжам расталмаған. Себебі әйелге жасалған зорлық бірнеше сағатқа созылған.

Қазір марқұмның үш қызы әжесінің қолында тәрбиеленіп жатыр. 

Шоу-бизнес

Танымал әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында Астанадағы жайма-шуақ ауа райы туралы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстау облысының Құрық ауылында қатты жел тұрғын үйдің шатырына зақым келтірді, деп хабарлады Mad...