"Пәк болмай шықты". Күйеу жігіт неке түнінен кейін жас келіннің отбасын сотқа берді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2097

Қалыңдық қыз болмай шықты! Сотқа осындай арызбен жүгінген Тәжікстан азаматы қайын жұртынан тойға жұмсаған ақшаны түгелдей қайтаруды талап етті. Дәстүрлі тәжік қоғамында қыздың пәктігін пір тұтады: қыз үйленгенге дейін ешкіммен төсек қатынасына түспеуі керек, егер неке түнінде жас келін пәк болмай шықса, оны үйден қуып жібереді, деп хабарлайды Madeniportal.kz Azattyq-қа сілтеме жасап.

30 жастағы Сухроб бұрын Ресейде еңбек мигранты болған. Ол алдымен Озоди радиосына (Азаттықтың Тәжік қызметі), одан кейін Азаттық Азия редакциясына өзінің үйлену тойын жасау үшін үш жыл үй бетін көрмей жүргенін әңгімелеп берді.

"Менімен бірге бір жерлесім жұмыс істеді. Бірде оған қалыңдық іздеп жүргенімді айтып едім, 22 жастағы қарындасы Хосиятпен (аты өзгертілді) таныссаңшы деді. Қыз Тәжікстанда болғандықтан, оны көруге елге оралдым. Бір рет қана кездестік, бір-бірімізді ұнатқан соң, қыздың үйіне құдаларды аттандырдым. Тойымыз 2024 жылдың 20 қыркүйегінде болды", – деді Сухроб Азаттық Азияға берген сұхбатында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Референдум бойынша алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Еуразиял...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Балпық ауылдық округінің орталығы – Жаңаталап ауылында №147 сайлау учаскесінде таңмен таласа о...