Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты Арман Жұмагелдиевті 20 жылға бас бостанды...
Қыз болып, еркектерді алдап шақырған 3 ер адам сотталды
Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz
132
Астанада 3 ер адам Telegram арқылы қыздың кейіпінде еркектермен танысып, кездесуге шақырып кейін оларды қаланың шетіне күштеп алып барып, ақша бопсалаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қылмыскерлер алдау тәсілімен 2,2 млн теңге ақша көтерген. Бірін микроқаржылық несие рәсімдеуге мәжбүрлеген, ал екіншісінің автокөлігін иемденіп алған.
“Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін толық дәлелдеді. Жәбірленушілердің келтірілген залалды өтеу туралы азаматтық талап-арыздары қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді”, – деді Астана қаласының прокуратурасы.
Сот үкімімен үш сотталушы адам ұрлау және бопсалау қылмыстары үшін 7 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.