“Пакеттерді жалғап асылып көрдім”: Жағы сынған сарбаз шындықты айтты

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1271

Әлеуметтік желіде Отардағы әскери бөлімде соққыға жығылып, жағы сынған мерзімді қызметтегі сарбаз Есбол Қапардың жақындарына жазған хаттары жарияланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz bairaqmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Үш күннен бері шулап жатқан Гвардейск гарнизонындағы былықтың барлық мән-жайын бір видеоға сыйғызуға тырыстық. Жапа шеккен сарбаз бәрінің атын атап, түсін түстеп тұр. Бірақ, Қорғаныс министрлігі: ешқандай сержант ұрған жоқ, екі солдат шекісіп, төбелесті деп хабарлауда. Тіпті, екінші сарбаз қаруласын “ұрғанын” мойындап қойыпты. Бұл аздай, қос сарбазды ажыратқан солдаттар (куәгерлер) дайын дейді. Дәл жақ сынған күні әскери бөлімде бейне камералар істен шыққан, әлі істемейді. Әйтеуір, Отанды қорғаймын деп нақақтан нақақ жастар күйіп кетпесін! Жағы сынғаннан емес жас балалардың сағы сынғаны қорқынышты...» — деп жазды тележурналист.

Жарияланған бейнежазбада жағы сынған сарбаздың таныстарына жазған хаттары көрсетілген.

«Асылып өлгім келді. Үйден жіп іздеп таппай қойдым. Жаным қатты қиналды. Шыдай алмадым. Сосын жіп іздеп таппай қойдым. Пакеттерді бір-біріне байлап асылып көрдім. Пакет үзіліп кетті», — делінген хатта. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада алдағы күндері ауа райы күрт нашарлайды: жаңбыр қарға ауысып, жел күшейеді, ал ауа температ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемге әйгілі американдық рэпер Эминем мен колумбиялық поп-жұлдыз Шакира Қазақстанда концерт беретін...