Семейде қыз зорлап, түрмеге түскен қылмыскер көз жұмды

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
919

Семейдегі түрмеде қыз зорлағаны үшін жазасын өтеп жатқан сотталушы қайтыс болды. Ақпаратты Абай облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті растады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Сотталған ер адам абақтының медициналық бөліміне өзін нашар сезініп тұрғанын айтып келген. 

«Тексеруден кейін оған алғашқы көмек көрсетіліп, жедел медициналық жәрдем шақырылды. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, сотталған адам ауруханада қайтыс болды», деп хабарлады департамент.

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Абай облысындағы департаменті әлеуметтік желіде таралған жалған ақпаратқа қатысты да түсініктеме берді. 

Комитеттің мәліметінше, Семей түрмесінде жазасын өтеп жатқан оншақты адам емес, тек бір адам ғана ауруханаға түскен.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...