Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2023

Павлодар облысында жантүршігерлік жол-көлік апатынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы жол апаты 19 сәуірде Баянауыл ауданы Бірлік ауылының маңында болған.

«Қалқаман – Керней автожолының 250-шақырымында Pontiac және Lada Granta автомобильдері соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші де, екі жолаушы да, оның ішінде жас бала да сол жерде қайтыс болды. Әртүрлі жарақаты бар тағы бір кәмелетке толмаған бала ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Алдын ала мәліметтер бойынша, апаттың себебі автомобильдердің бірінің қарсы қозғалыс жолағына шығып кетуі болған.

«Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда»,- делінген ПД хабарламасында.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы Бизнес және коммуникациялар колледжінің диплом табыстау рәсімінде дипломын жыртқандай кей...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Каспий теңізі жағалауында бірнеше күнге созылған іздеу-құтқару операциясы қайғылы жағдаймен аяқталды...