Динара Сәдуақасова Grand Swiss супертурнирінде ойнайды

ЖАҢАЛЫҚТАР
4562

Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова 8-22 қазан аралығында Англияның Мэн аралында өтетін FIDE Grand Swiss супертурниріне шақырту алды, деп хабарлайды sports.kz.

Турнирдің сыйлық қоры жарты миллион долларды құрайды, жеңімпаз ақшалай сыйлықтан бөлек әлемдік шахмат тәжіне үміткерлер турниріне жолдама алады. «Әлемдік шахмат тәжі – менің бұрыннан келе жатқан мақсатым, мен оған асықпай бара жатырмын. Бұдан бөлек, мұндай турнирге қатысу – абыройлы гроссмейстерлермен күшімді сынауға жақсы мүмкіндік», - дейді Динара. Турнирге ғаламшарымыздың 105 мықты шахматшысы шақырылды. Олардың арасында қазіргі шахмат тәжінің иесі Магнус Карлсен де бар.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауым...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің жеңімпазы атанды. Нью-Йоркте өткен фина...