Марқұмның туыстарының айтуынша, күдіктінің жақындары болған жайтқа өкінетінін айтып, кешірім сұрап к...
Павлодарда анасы терезеден лақтырған сәбидің дәрігерлер бүйрегін алып тастады
Фото: ЖИ
Павлодарда дәрігерлер терезеден лақтырылған сәбидің бүйрегін алынып тастады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы сәбидің қазіргі таңдағы жағдайынан ақпарат берді. Баланың жағдайы нашарлап, көп мөлшерде қан жоғалтқанын мәлімдеді.
«2024 жылғы баланың жағдайы нашарлауына, ішкі қан кетудің ұлғаюына байланысты сол жақ бүйректі алып тастау үшін ота жасалды. Отадан кейін нәрестенің жүрегі тоқтап қалды», —деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.
Дәрігерлер жедел іске кірісіп, жүрек соғысын қайта қалпына келтірген. Бір жарым жастағы сәби ауруханаға жеткізілгенде клиникалық өлім жағдайында болған. Дәрігерлер шұғыл түрде реанимациялық көмек көрсетіп, кейін баланы жансақтау бөліміне ауыстырған. Жағдайы аса ауыр, себебі III дәрежелі жарақаттық шок тіркелген. Бала комада, бас сүйегінің кең көлемді жарақаты, ми мен ішкі ағзалардың зақымдануы анықталған.
2017 жылы туған баланың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды.