“Тас құлаған”: Гималай шыңында үш күн қалып кеткен 2 әйелдің жағдайы белгілі болды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
3837

Гималайда үш күн қалып кеткен ұлыбританиялық альпинист пен оның америкалық серігі аман-есен табылды, деп хабарлайды madeniportal.kz Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап. 

37 жастағы Фэй Мэннерс пен 31 жастағы Мишель Дворак Үндістанның солтүстігіндегі Чаукхамба тауына шығып бара жатқанда, бейсенбіде SOS хабарламасын жіберген. Олардан басқа хабар болмаған.

Олар жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7-де Джошимат қаласындағы тікұшақ алаңына Үндістан әуе күштерінің тікұшағымен жеткізілді.

Кейінірек тауда тас құлап, әйелдерді сайға сүйреп кеткені белгілі болды. Олар шатыр мен альпинистік құрал-жабдықтарын жоғалтып алған.

Екі әйел шамамен 6000 метр биіктен табылған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...