Павлодарда ер адам әйелі мен қызын ұрып, полицейді пышақтаған

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2244

Павлодар қаласында отбасылық жанжал кезінде полиция қызметкері пышақ жарақатын алды. Бұзақы әйелін ұрып, келген тәртіп сақшысына қарсылық көрсетті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

«Оқиға 19 сәуір күні таңғы сағат 6:30-да болды. «102» нөміріне 15 жастағы қыз қоңырау шалып, әкесінің анасын ұрып жатқанын жылап хабарлаған. Шақырту орнына бірден полиция наряды – капитан Алмаз Жәкіпов пен лейтенант Төлеген аттанды», — делінген хабарламада.

Көпқабатты үйдің подъезінде оларды көз жасына ерік берген мектеп оқушысы қарсы алды. Ол әкесінің өзін де ұрып, кейін анасына қол көтергенін айтты.

«Полиция қызметкерлері пәтерге көтеріліп, 40 жастағы мас ер адамды ұстауға тырысқан. Алайда ол тәртіпке көнбей, қарсылық көрсетіп, капитан Жәкіповті білегінен пышақпен жаралаған. Соған қарамастан, тәртіп сақшылары күдіктіні залалсыздандырып, ұстауға қол жеткізді. Жарақат алған полиция қызметкеріне дереу медициналық көмек көрсетілді. Қазір оның өміріне қауіп жоқ», — деді полиция өкілдері.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті. Оларды іздеуге 600-д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі, кей...