Павлодарда көпқабатты үйден өрт шығып, 12 адам құтқарылды

Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1257

Павлодарда көпқабатты үйден өрт шығып, 1 адам уланып қалғаны, 12 адам құтқарылғаны белгілі болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі 1986 жылы туған ер адамның түтіннен уланып, ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. 

Павлодар қаласында үш қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтер өртенді.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. 

"Павлодар қаласының өрт сөндірушілері Сұрағанов көшесінде орналасқан үш қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтердегі өртті сөндірді. Төтенше жағдайлар қызметінің күштері тұрғындарды эвакуациялауды жүргізді. Біздің мамандар барлығы 12 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды. 1986 жылы туған ттұрғын түтіннен уланып қалған. Ер адам ауруханаға жеткізілді", — деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметінен. 

Пәтердегі өрт шарпыған жердің жалпы аумағы — 15 шаршы метр. 

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...