"Ақбаян психдиспансерде есепте тұр": Атыраудағы трагедияға қатысты сұмдық дерек тарады

Фото: kznews.kz коллажы

ЖАҢАЛЫҚТАР
2619

Атырауда орын алған резонансты оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы барған журналист Жанат Молдашова бұрын көпшілікке белгісіз болған деректерді жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Журналист Instagram желісіндегі ресми парақшасында күдіктінің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның денсаулығына қатысты мәліметті бөлісті. Оның айтуынша, бұл ақпаратты ресми мекемелерден нақтылаған.

"Полиция аса ауыр қылмысқа күдікті Сұлтан Сәрсемалиев екенін бүгін ғана ресми жариялады. Әйелі Ақбаян Мұқанғалиева психдиспансерде есепте тұр. 

Осыған дейін құзырлы органдар Ақбаян Мұқанғалиева мен Сұлтан Сәрсемалиев денсаулығына байланысты еш жерде есепте жоқ деп еді. Бүгін Ақбаянның жүйке ауруына шалдыққанын, есепте тұрғанын Денсаулық сақтау басқармасынан білдім", – деп жазды журналист.

Аталған дерекке қатысты ресми органдар тарапынан әзірге қосымша түсініктеме берілген жоқ. Тергеу шаралары жалғасып жатыр. 

ҚАЛАМГЕР

Шілденің шіліңгір күндерінің бірінде жеңіл көлік ағаштардың арасымен зулап келеді. Машина ішінен таб...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне байланысты миллиондаған азаматтың жалақысы артады. С...