Петропавлда мас әйел күйеуін пышақтап өлтірді

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1208

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті 31 желтоқсан таңертең Петропавлда тіркелген кісі өліміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz sn.kz-ке сілтеме жасап. 

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қайғылы жағдай Ғабит Мүсірепов көшесіндегі жеке үйлердің бірінде болған.

Алдын ала нұсқа бойынша, алкогольдік ішімдік ішу барысында 43 жастағы әйел мен оның 51 жастағы азаматтық жұбайының арасында жанжал шыққан. Қолда бар деректерге сәйкес, ер адам пышақ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмған. Әйел адамның айтуынша, жанжал кезінде күйеуі пышақты қолына алған, алайда ол пышақты жұлып алып, соққы жасағанын мәлімдеген. Қазіргі уақытта бұл мән-жайлар тексеріліп жатыр.

Полиция департаменті кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Қажетті сараптамалар тағайындалып, болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізілуде. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...