Бүгін «Нұр әлем» көрме кешенінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар...
«Орыстың үйдей өтірігінің әшкере болуы» немесе тұңғыш космонавт Гагарин емес
Адамзат тарихында ғарышқа ең алғаш болып ұшқан адамдар жайлы не бір аңыздар бар. Сонау Иса мен Мұхамед пайғамбарларды айтпағанда, осы Гагаринге дейін неше адам ұшқаны туралы деректер пайда бола бастады.
Осыған орай ғарышқа тұңғыш ұшқан Юрий Гагарин емес екенін жұртшылықтың білгені жөн секілді.
Демек, ғарышты бағындыруға талай талпыныстар жасалды. Ондаған адам ғарышқа аттанды. Өкінішке орай әртүрлі себептермен олардың сапары сәтсіз аяқталып, өздері мерт болды. Олар туралы дерек өте құпия сақталып, еш жерде қылаң бермеді.
Енді нақты деректерге үңілетін болсақ, ғарышқа ұшқандардың саны он екі адам. Бірінші – 1957 жылы 1 қарашада көк зеңгірге аттанған адам Алексей Ледовский. Ол Капустин Яр полигонынан адам басқаратын баллистикалық зымыран арқылы көтерілген. Бірақ зымыран жарылып, ұшқыш қаза болды. Алайда Кеңес елі «ғарышқа ұшқан адам емес, Рыжая және Джойна деген екі ит еді. Солар өлді» деген әңгіме таратты. Өзгелер де алғашқы ғарышкердің кейпін киді. Ғарыш апараттарының жарылып кетуінен қаза тапты. Тіпті кейбір аппараттар жерден басқаруға көнбей, ғарыш кеңістігінде космонавпен бірге жоғалып та кетіпті. Әр жылдары ғарышқа ұшуға талпыныс жасаған ұшқыштардың ішінде әйел ғарышкер Мария Громова да болған-ды.
Оқи отырыңыз: Қазаққа тұрмысқа шығып, екі ұл туған Марина Вольнова боксқа қайта оралды
Қысқасы, 1957 жылдан 1961 жылы 12 сәуірде Гагарин ғарышқа көтерілгенге дейін КСРО АҚШ-тан бұрын көкті бағындыру үшін он екі мәрте талпыныс жасады. Бәрі сәтсіз аяқталды.
Бір ғана мысал: ағайынды итальяндық Ахилл мен Джованни Баттиста Джудика Кордильовтар 1957 жылы Турин қаласының маңында неміс-фашистерінен қалған бункерге радиостанса орнатып, ғарыштан естілетін дыбысты зерттейді. Олар Гагарин ұшқанға дейін талай мәрте ғарыштан жанұшыра көмек сұраған космонавтардың дауысын естіген, тіпті қырылдап өліп бара жатқандардың да үнін жазып алған. Олардың бәрі орыс тілінде сөйлегендер екен.
Яғни, Кеңес елі Гагаринге дейін көкті бағындыруға талпыныс жасағанын осыдан-ақ білуге болады.
Қазір Гагариннің өлімен байланысты және оның көкке ұшпағаны туралы өтірік-шыны аралас алыпқашпа әңгімелер көп. Соның біріне тоқталалық. Гагариннің ғарышқа ұшуын ұзақ уақыт зерттеген – чех журналисі Ян Бервид-Букуа «Ол ғарышқа ұшқан жоқ» деген байлам жасаған.
«Гагарин көкке көтерілген жоқ. Рас, аспанға адамсыз жерден басқарылатын «Восход» деген кеме көтерілді. Ал Гагарин ғарыш орталығында арнайы жасалған кабинада отырды. Сол жерден көкке ұшып бара жатқандай сөйледі», дейді. Сондай-ақ Ян «мұны АҚШ-та білді. Бірақ үндемеді. Өйткені екіжақты келісім болды. Себебі сол тұста екі ірі империя арасында қарусыздану мәселесі туралы келіссөз болып жатқан. Вашингтонның айтқанына Мәскеу көнген.
Соның есесі ретінде Ақ үй Гагарин ұшпаса да, ұшты» деп, әлемге жар салған Кремльдің «урасын» қолдады. Өйткені ғарыштан гөрі, жердегі атом қаруы АҚШ-қа маңызды еді» дейді.
Ал Гагариннің өлімі жөнінде чех журналисі: «Жалған космонавт» деген атақ алып, жер бетіне даңқы кеткен Гагарин ішімдікке көп салынып жүрді. Кей жерлерде «ғарышқа ұшпағанын, оның бәрі қып-қызыл өтірік, үгіт-насихат екенін» жайып салған көрінеді. Мұны Кремль де естиді.
Мұндай әңгіме көбейе берсе, КСРО-ның тұңғыш болып ғарышты бағындыруы өтірік болып шығатынын ойлаған билік, ретін тауып Гагариннің көзін жойды» -дейді.
Кім білсін? Бәрі мүмкін. Дегенмен Гагариннің алдында ғарышқа он екі адамның ұшқаны тайға таңба басқандай ақиқат екені туралы деректер ойға ойға салады.
Біздің мақсатымыз ой бөлісу ғана.
Ақшарқат Ахметбек