Астанада ер адам әйелін көлік ішінде пышақтап өлтірді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
64

Астанада тұрғын үйдің маңында әйел адам пышақ жарақатынан қаза тапты. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға 23 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында Құтегін көшесі, 9-үйдің маңында болған. Полицияға әйелге шабуыл жасалғаны туралы ақпарат түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел көлігін үйінің алдына қойған. Осы кезде ер адам көліктің есігін ашып, оған бірнеше рет пышақ сұққан. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Оның мойны, қабырғасы және қолынан пышақ жарақаттары анықталғаны хабарланды.

Әлеуметтік желіде марқұмның 1996 жылы туған Жазира Камиден екені жазылуда. Алайда бұл ақпаратты ресми органдар әзірге растаған жоқ.

Полиция күдіктіні ұстаған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде күдіктінің 33 жастағы Талант Камиден екені және оның №71 полиция пунктінде учаскелік инспектор болып жұмыс істегені туралы ақпарат тарады. Бұл мәліметтер де ресми түрде нақтыланған жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркияда Хатидже Ялманның қаза болардан шамамен екі сағат бұрын дүкенде жүрген сәті түсірілген бейне...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда құрамында алкоголь болуы мүмкін белгісіз сұйықтықтан уланған үш ер адамның барлығы қайты...