Жаңбырдан қалған шалшықта шомылған адамдар қамауға алынды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
344

Астанада екі ер адам жаңбырдан қалған шалшықта шомылып, балаларға су шашқаны үшін қамауға алынды. Оқиға видеоға түсіп, әлеуметтік желіде тарағаннан кейін полиция ер адамдарды анықтап, сот оларды 25 және 7 тәулікке әкімшілік қамауға жіберді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Олар қоғамдық тәртіпті бұзған. Оқиғаны полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылау кезінде анықтаған.

Жарияланған видеода ер адамдардың алкоголь ішіп, шалшыққа түсіп шомылғаны, суды тепкілеп, жанында тұрған балаларға қарай шашқаны көрінеді.

Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері тексеру жүргізіп, оқиғаға қатысушылардың жеке басын анықтады. Екеуі де ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен олардың біріне 25 тәулік, екіншісіне 7 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Полиция қоғамдық орындарда мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін және оның жауапкершілікке әкелетінін еске салды. Ведомство қоғамдық тәртіпті бұзудың барлық фактісіне құқықтық баға берілетінін атап өтті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда мектеп формасына қойылатын бірыңғай талапты бұзған жекеменшік мектеп лицензиясынан айыры...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тбилиси – Астана бағытындағы ұшақта электронды темекі шеккен 38 жастағы шетелдік жолаушы жауап...