Қарағандыда екі күн бойы іздестірілген ер адам өлі табылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
20

Қарағандыда 14 қазаннан бері із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды. Екінші топтағы мүгедектігі бар азаматты іздеу жұмыстары екі күнге созылған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жоғалған азаматтың есімі – Азамат Болатов. Қолда бар мәліметке сәйкес, ол үйінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған және жақындарымен байланысқа шықпаған.

Ер адамның жоғалғаны туралы ақпарат 14 қазанда жарияланып, оны іздестіру жұмыстары басталған.

Алайда екі күнге созылған іздеу шаралары қайғылы хабармен аяқталды. 16 қазанда Азамат Болатовтың өлі денесі табылғаны белгілі болды.

Әзірге ер адамның қандай жағдайда жоғалғаны және өліміне не себеп болғаны туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақ ұлттық спорт университетінің (KNUS) негізін қалаушы Нұрасыл Медеу оқу орнын мемлекетке өтеусіз...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары кезінде 42 жастағы жұмысшы бес метр биіктіктен құл...