Петропавлдағы НЗМ-де оқушы терезеден құлап кеткен

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
852

Петропавл қаласындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде төтенше жағдай болды: мектеп оқушысы үшінші қабаттағы терезеден құлап кеткен, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Оқу орнының мәліметінше, қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
«17 ақпанда мектеп оқушысы үшінші қабаттан құлап, жарақат алды. Қазіргі уақытта ол медициналық мекемеде жатыр», – деп түсіндірді Tengrinews.kz-ке Петропавлдағы НЗМ-нің баспасөз қызметі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шегушінің жарақатпен көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. «Ол жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр, бірақ есін біледі. Толығырақ ақпаратты кейінірек береміз», – деді облздрав өкілдері.

Оқушының жасы 18-де екені белгілі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

17 жыл бұрын болған атышулы кісі өлімі ашылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 2009 жылдың мамырын...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Пәкістанда 17 жастағы TikTok жұлдызы Сана Юсаф туған күнін атап, әлеуметтік желіге соңғы видеосын жа...