Павлодарда ер адам әйелі мен қызын ұрып-соғып, полиция қызметкерін жаралады

Фото: polisia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1160

Павлодарда мас отағасы қызы мен зайыбын ұрып-соққан. Ал патрульдік тәртіп сақшылары келгенде пышақ ала жүгіріп, инспекторды жарақаттаған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ kaz.inform.kz сілтеме жасап. 

19 сәуір күні таңғы сағат 06:30–да Павлодар қаласының 102 қызметіне 15 жастағы қыз бала хабарласып, әкесі анасын ұрып-соғып жатқаны туралы хабарлаған. Қыз бала атаған мекенжайға полиция капитаны Алмаз Жақыпов пен полиция лейтенанты Төлеген Исинді дереу жіберіледі.

— Қызметкерлерді үйдің кіреберісінде хабарласқан қыздың өзі қарсы алды. Ол әкесі өзін ұрып-соққанын, одан соң пәтерде анасын жәбірлеп жатқанын жеткізген. Полицейлер кірген кезде мас күйде болған 40 жастағы ер адам қарсылық көрсетіп, полиция капитаны Алмаз Жақыповтың сол қолының буынына пышақ салған. Полицей жарақат алғанына қарамастан жанжалқор отағасын залалсыздандырып, ұстады, — деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Зардап шеккен полицейге медициналық көмек көрсетілген. Сарапшының қорытындысына сәйкес, бұзақы ер адам орташа дәрежеде мас болған. Полицейлерге шабуыл жасау дерегі бойынша Қылмыстық кодексінің 380-бабы (Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану) және 109-1-бабы (Ұрып-соғу) бойынша қылмыстық істер қозғалды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жол ережесін бұзған 32 жастағы жүргізушіні полиция қызметкерлері тоқтатады, деп хабарлайды MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарға кей өңірлерде әкімдік жергі...