Жітіқарадағы бес баланың өліміне қатысты тың дерек шықты, – деп хабарлайды madeniportal.kz&nbs...
Пітір садақаны қай уақытқа дейін беріп тастау қажет?
Фото: Шедеврум
280
Пітір садақаны Ораза айт намазы оқылғанға дейін беріп тастау қажет, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Пітір садақа Рамазан айында беріледі. Егер кімде-кім пітір садақаны әлі бермесе, Ораза айт намазы оқылғанға дейін беріп тастауы қажет. Айт намазынан кейін берілген пітір садақа жай садақа болып қалады. Биыл пітір садақаның мөлшері – жан басына 655 теңге.
Жағдайы бар адамдар оны мейіздің немесе құрманың бағасымен бере алады. Ораза айт күні ауыз бекітуге бола ма Ораза айттың таңында сәресі ішілмейді. Дастарқан жайып, дәмнен ауыз тиетін күн болғандықтан, бірінші күні ауыз бекітуге тыйым салынған. Рамазан айынан қалған қаза оразаны айттың екінші күнінен бастап ұстай беруге болады.
Ораза айт мерекесінің негізгі шарты – мейрам айт намазын оқу. Оны барлық мешітте таңертең ерте жамағатпен бірге өткізеді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өз өсиетінде: "Айт күні бірінші орындайтынымыз – намаз оқу", - деп айтқан.
Әр мұсылман айт намазына жуынып-шайынып, дәрет алып, ең әдемі әрі таза киімдерін киіп, үстіне хош иіс сеуіп барады. Сонымен қатар, мешітке бармас бұрын бір-екі құрма жеп, дәм ауыз тиген абзал. Бұл оразаның аяқталғанының белгісі.