Халыққа қызмет көрсету орталықтары уақытша жұмыс істемейді

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
103

Қазақстанда 26 қазанда Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Демалыс Республика күніне байланысты жарияланды. Халыққа қызмет көрсету орталықтары келушілерді 27 қазан, сейсенбі күні қайта қабылдайды. 

Мерекеге дейін құжат рәсімдеуді немесе дайын құжаттарды алуды жоспарлаған азаматтар 24 қазан, сенбі күні кезекші бөлімшелерге жүгіне алады. Олар қысқартылған кесте бойынша жұмыс істейді.

  • Кезекші ХҚКО-ларда келушілер сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.
  • Ал мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштер сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алуға болады.

27 қазаннан бастап барлық бөлімше әдеттегі жұмыс кестесіне көшеді.

Республика күні – Қазақстанның ұлттық мерекесі. Ол жыл сайын 25 қазанда атап өтіледі. Бұл күн еліміздің егемендікке қол жеткізу жолындағы маңызды тарихи кезеңімен байланысты.

1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Мемлекеттік егемендік туралы декларацияны қабылдады. Құжатта республиканың саяси және экономикалық дербестігіне қатысты негізгі қағидаттар бекітілді. Декларация Қазақстанның 1991 жылғы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялауына негіз болған маңызды құжаттардың бірі саналады.

2022 жылы Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды. Содан бері 25 қазан елімізде ресми демалыс күні ретінде белгіленген.

Республика күні мен Тәуелсіздік күнінің айырмашылығы: 25 қазан – мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданған күн, ал 16 желтоқсан – Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланған күн. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан облысында бір жасар баланың өңешіне сырға тұрып қалған. Дәрігерлер бөгде затты арнайы меди...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әбден тозып кеткен өрт сөндіретін көліктің видеосы қазақстандықтарды алаңдатты, деп хабарлайды Maden...