Миллионға жуық ұйғыр мен өзге де мұсылмандар саяси тәрбиелеу үшін қамалып отыр деген ақпарат пайда б...
Анасы байқамай қалған: Түркістан облысында сәби сырға жұтып қойған
ЖИ
Түркістан облысында бір жасар баланың өңешіне сырға тұрып қалған. Дәрігерлер бөгде затты арнайы медициналық құралдың көмегімен алып шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға 22 қазанда болған. Мақтаарал ауданынан бір жасар сәби облыстық балалар ауруханасына шұғыл жеткізілген.
Анасының айтуынша, бала абайсызда сырға жұтып қойған. Алғашқы медициналық көмек аудандық орталық ауруханада көрсетіліп, кеуде қуысына рентген түсірілген. Кейін сәби облыстық балалар ауруханасына жолданған.
Тексеру барысында сырғаның өңештің жоғарғы бөлігінде тұрып қалғаны анықталған. Дәрігерлер эзофагоскопия әдісі арқылы бөгде затты алып тастаған.
Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Денсаулық сақтау басқармасы ата-аналарға сырға, тиын, түйме және басқа да ұсақ заттарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажеттігін ескертті.