ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов келесі жылы оқу бағдарламасына енетін «Әліппен...
СҚО-да тозығы жеткен өрт сөндіру көлігінің орнына тағы ескі техника берілмек
Фото: MadeniPortal.kz коллажы
131
Әбден тозып кеткен өрт сөндіретін көліктің видеосы қазақстандықтарды алаңдатты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Солтүстік Қазақстан облысының Советское ауылында тағы да өрт шыққан. Оқиға орнына келген өрт сөндіру көлігінің әбден тозғаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.
Әкімдіктің хабарлауынша, «СК Агро 2050» ЖШС-не тиесілі көлік 2004 жылы шығарылған.
Көп жыл пайдаланылғандықтан, техниканың негізгі бөлшектері тозып, жиі істен шығады. Қазір көлікті жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
ТЖД ауылдағы өрт сөндіру бекетіне тағы бір өрт сөндіру көлігін беруді жоспарлап отыр. Алайда оның да шыққан жылы осы көлікпен бірдей.
Техника тексеруден өтіп, қажетті құжаттар рәсімделгеннен кейін беріледі.