Президент «АЛЖИР» музейін аралап көрді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Мемлекет басшыс...
Польшадағы қайғылы жағдайға байланысты Тоқаев көңіл айтты
Ақорда
105
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Польшаның Краков қаласында болған атыс салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Польша Президенті Кароль Навроцкийге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Мемлекет басшысы қайғылы оқиға салдарынан адам шығыны болғанына байланысты Польша халқына және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.
Ақорда мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Краков қаласында жасалған қастандықты қатаң айыптап, осындай қиын сәтте Қазақстанның Польша халқына қолдау білдіретінін жеткізді.
Сондай-ақ Президент атыстан зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.