Премьер-министр қызметінен кетті

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2190

Қырғызстан премьер-министрі Акылбек Жапаров қызметінен кетті, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Тиісті жарлыққа ел президенті Садыр Жапаров қол қойды. Оның премьер-министр ретіндегі жұмысы елдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету және көрші мемлекеттермен ынтымақтастықты нығайту бағытында жүргізілген түрлі бастамалармен есте қалды.

Жaпаров Қырғызстан министрлер кабинетін 2021 жылдың 13 қазанынан бастап басқарды.

Министрлер кабинетінің келесі басшысы кім болатыны әзірге белгісіз. Бұл міндет уақытша Адылбек Қасымалиевке жүктеледі. 64 жастағы Қасымалиев 2022 жылдан бері Министрлер кабинеті басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...