Қазақ емшілігі – ғылым ба, әлде миф па? 12 том кітап жазған шипагер не дейді?

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
631

Qazqa Jol YouTube арнасында Жамбыл Зейнолла емші Қайрат Айдарханұлын шақырып сұхбат алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қазақ емшілігі туралы 12 томдық кітап жазған емші қазақта “емші” дегенді дұрыс емес мағынада түсінеді дейді.

“Медицина бүкіл әлемдегі елге тараған атау ғой. Ал емші десе, бақсы, балгер деп ойлайды. Емші түк білмейді, олар дәрігер емес деп жатады. Бұл қате тұжырым. Қазақ шипагерлікті әлімсақтан қолданады. Олар тұрмыста ненің пайдалы екенін білген. Атқа мінсе - қозғалыс. Оның пайдасын дұрыс түсінген”, - дейді Қайрат Айдарханұлы.

Емші 500 жыл кейін шегініп, Әз Жәнібек заманынан мысал келтірді. Ол кездегі адамдар 7 атаға дейін қыз алысып-беріссе тұқым қуалау аурулары пайда болатынын білген. Жәнібек хан жарлыққа да енгізген. Солай қазіргі күні аталатын 7 атадан қыз алыспау, сол кезеңнен бері келе жатыр екен. Қыз алысып, перзент туылғанда олардың ақылында кемістігімен туылатын көрінеді.

Қазақ емшілігі — ғылымға негізделген, ғасырлар сүзгісінен өткен өмір салты. Емшілердің білімі мен тәжірибесі тұрмыс-тіршіліктен, табиғатпен үндестіктен туындаған. Сондықтан оны тек ырым немесе қарапайым шөппен емдеу деп қабылдау — қателік.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде Джеки Чанның командасының Ақтауға келгені туралы ақпарат берілген видео пайда болд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылғы 29 қаңтарда Санкт-Петербургтің Ленин аудандық сотында танымал боксшы Дмитрий Биволдыңбұры...