Президент «Ақпараттық доктринаға» қол қойды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2763

Бүгін мемлекет басшысы «Ақпараттық доктринаға» қол қойды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.


Онда «Президент тапсырмасына орай дайындалған доктринаның мақсаты – ақпараттық кеңістікті қорғау, отандық медианы қолдау және ақпаратқа қолжетімділікті арттыру. Сонымен бірге азаматтық бірегейлікті нығайтуда, қазіргі заманғы үрдістер мен сын-қатерлерге жауап беретін ақпараттық саясатты жүзеге асыруда бұл құжаттың мәні мен маңызы зор. 

Доктринаның бірнеше бағыты бар. Олар:

Отандық ақпараттық өнімнің және жалпы саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру; 

Ақпараттық кеңістіктің негізгі бағыттарында ұлттық құндылықтардың үстемдігін қамтамасыз ету; 

Халықаралық деңгейде сапалы ақпараттық қатысуды арттыру; 

Саланың нормативтік құқықтық базасын жетілдіруге ықпал ету.

Ақпараттық кеңістікте ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын бұл құжат саланы жаңа сапалық деңгейге көтереді деген сенімдеміз» – деген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында мұнай саласының екі жұмысшысы арасындағы жанжал ауыр қылмыспен аяқталды, деп хабарл...